«Астана» Италияда өтетін Pro санатындағы бір күндік жарыстың құрамын атады
26 наурызда бір күндік Pro GP Industria & Artigianato Италияда 45-ші рет өтеді. Спортшылар Тоскана аймағындағы Ларчано коммунасының маңында 199,8 шақырымдық қашықтықты бағындырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа қатысушылар Форнелло шыңына төрт рет шығуы керек. Көтерілу қашықтығы 2,7 км, орташа градиент 6,4% және максимум 10,4%.
Astana Qazaqstan Team сапында бұл стартқа италиялықтар Антонио Нибали, Кристиан Скарони және Мануэле Боаро, қазақстандықтар Игорь Чжан мен Юрий Натаров, сондай-ақ беларусь Александр Рябушенко қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или