Винченцо Нибали «Тур де Франс» додасындағы қиыншылықтары жайлы

«Астана» велокомандасының итальяндық капитаны Винченцо Нибали жақында ғана аяқталған «Тур де Франс» көпкүндігі жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Жарысқа жақсы дайындалдық. «Тур де Франста» өз бабымда болдым. Алайда тур барысында бірнеше рет құлап, тұмауратып, алғашқы кезеңдерді сәтсіз бастадым. Бірінші аптада біраз қиналдым, артынша екі аптадан кейін бұрынғы бабыма келіп, жарыстың ең ауыр кезеңін жеңіп алдым. Әрине, бәрі менің жеңісімді күтті, бірақ биыл жолым болмады. Бұған қоса, әріптестерім Скарпони ауырып қалды, Бом мен Таарамэ деңсаулығына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Якоб Фульсангты мотоцикль қағып кетті. Осы себептерге байланысты нәтижеміз әлсіз болды», - деді итальяндық велошабандоз.

Естеріңізге сала кетсек, Винченцо Нибали «Тур де Франс» веложарысының қорытындысы бойынша төртінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или