Роналду бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты

Роналду бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты

Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің 1-турында Португалия - Лихтенштейн ойынында К. Роналду қос голдың авторы атанды.

Роналду 53-минутта, алдымен 11 метрлік айып добын дәл орындады. Содан кейін 63-минутта есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, К. Роналду ұлттық құраманың ресми бәсекелерінде соққан гол санын 100-ге жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или