ӘЧ: Қазақстандық боксшы ширек финалдан өтті

ӘЧ: Қазақстандық боксшы ширек финалдан өтті

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Валентина Хальзова әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/2 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша ол әлем чемпионатынан жүлделі қайтады.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық Түркия өкілі Элиф Гунериді бірауыздан (5:0) ұтты.

Айта кетейік, Хальзова бокстан 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или