Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Бүгін Үндістан астанасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алуа Балқыбекова 1/8 финалда 2019 жылғы Еуропа чемпионы ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. 48 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте біздің боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Алуа Балқыбекова турнирдің ширек финалына шықты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан атынан тағы төрт боксшы - Карина Ибрагимова, Аида Әбікеева, Римма Волосенко және Надежда Рябец өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или