Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Алматыда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Финалистерді анықтау үшін жартылай финалдың әрқайсында екі кездесу жеткілікті болды. Петропавлдық «Қуаныш» павлодарлық «Ертіспен» өткен (3:1 және 3:0) екі матчта да жеңіске жетті, ал өскемендік «Алтайдың» волейболшылары талдықорғандық «Жетісуды» үш партияда екі рет ұтты.</span>

<span>Осылайша, «Алтай» мен «Қуаныш» финалда өнер көрсетсе, «Ертіс» пен «Жетісу» өз кезегінде «қолаға» таласады.</span>

<span>Матчтар 23, 24 және қажет болған жағдайда 25 наурызда өтеді.</span>

Фото instagram.com/vckuanysh

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или