Алматыдағы Naiza 50 турнирінің тікелей трансляциясы
![Алматыдағы Naiza 50 турнирінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_9823a2706fecfbc25c080252ce72da4b.jpg?v=28701383)
20 наурызда Алматыдағы «ADD Аrena-да» аралас жекпе-жектен Naiza 50 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде AMC Fight Nights лигасының бұрынғы чемпионы әзербайжандық Нариман «Bayraktar» Аббасов (27-4) қырғызстандық Каныбек Жаныбек Уулумен (13-8) кездеседі.
Сондай-ақ орта салмақтағы титулдық жекпе-жекте NAIZA чемпионы Руслан Шамилов (10-4) астаналық жеңіліп көрмеген файтер Имран Тайсұлтановпен (6-0) күш сынасады.
Турнирдің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады.
Фото: instagram.com/naiza.mma/