Team Spirit ұжымы ESL Pro League Season 17 турнирінде Team Liquid командасын жеңді
![Team Spirit ұжымы ESL Pro League Season 17 турнирінде Team Liquid командасын жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201736_aecb4a23d3bb93e9ce506e01430f9fdd.jpg?v=28700703)
Ресейлік Team Spirit CS:GO-командасы ESL Pro League Season 17 турнирінің топтық кезеңінде америкалық Team Liquid ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:0 есебімен (Nuke - 16:10, Mirage - 16:13) аяқталды. Spirit турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, ESL Pro League Season 17 турнирі 22 ақпан мен 26 наурыз аралығында Мальтада өтеді. 32 команда 850 мың АҚШ долларын сарапқа салады.