Волейболдан Қазақстан чемпионаты: 1/4 финал ойындарының тікелей трансляциясы

18 наурызда Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1/4 финал матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы ширек финалдық ойында өскемендік «Алтай» талдықорғандық «Айқаракөзді» 3:0 (25:13, 25:12, 25:16) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Қалған үш ойынды Қазақстан волейбол федерациясы тікелей эфирде көрсетеді (Астана уақыты көрсетілген).
12:30. «Жетісу» (Талдықорған) – «Қарағанды»
15:00. «Қуаныш» (Петропавл) – «Тұран» (Түркістан)
17:30. «Алматы» – «Ертіс» (Павлодар)
Фото instagram.com/volleyalmaty