Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінде төртінші

«Астана» велокомандасының шабандозы италиялық Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігін төртінші орынмен қорытындылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Арақашықтығы 110,5 шақырым болған 20-шы кезеңде FDJ командасының франциялық өкілі Тибо Пино жеңімпаз атанды. Колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) одан 18 секундқа артта қалып қойса, үштікті канадалық Райдер Хешедаль (Cannondale-Garmin) қорытындылады.

Бұл кезеңде «Астана» сапындағы мәреге алғаш болып келген Винченцо Нибали. Ол 15-ші орында аяқтады, яғни Пинодан 3 минут уақыт қалып келді.

Велокөпкүндікті қорытындыласақ, Sky командасындағы ұлыбританиялық Крис Фрум жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кинтана иемденсе, үшінші орын испаниялық Алехандро Вальвердеге бұйырды.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или