русский язык
ММА

Алматыда жеңіліп көрмеген екі файтер жекпе-жек өткізеді

Алматыда жеңіліп көрмеген екі файтер жекпе-жек өткізеді

22 наурызда Алматыда өтетін OCTAGON 43 турнирі аясында жеңіліп көрмеген екі файтер кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта «Метро Люблино» лақап аты бар тәжікстандық Саймумин Мадиев (5-0) пен өзбекстандық Санжар Закиров (4-0) кездеседі.

Турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы гран-при финалы өтеді. Онда қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) қырғызстандық Илимбек Акылбек уулумен (6-1) кездеседі. Жеңімпаз аса жеңіл салмақтың патшасы атанып, 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленеді.

Ко-мейн ивентте қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жекте аса жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;