«Астананың» бас директоры: Эльхан – болашағынан зор үміт күттіретін әрі шыңдалған ойыншы

«Астананың» бас директоры: Эльхан – болашағынан зор үміт күттіретін әрі шыңдалған ойыншы
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас директоры Арслан Беспаев Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановтың қатарға қосылуына қатысты өз пікірін білдірді.

– Өткен жылдың үздік ойыншысын «Астана» құрамына қосу қалай жүзеге асты?

– Бұл маусымдағы селекциялық жұмыстың барлығы менің кеңесшім Саян Хамитжановтың еңбегі. Оның таудай тәжірибесі мен футболдағы беделі «Астана» сапына есімі бар әрі мықты футболшыларды шақыруға үлкен септігін тигізуде.

Сонымен қатар, біздің клубқа қолдау білдіргені үшін Қазақстан спортын қолдау қорына да алғысымыз шексіз. Осы жылда жеті дүркін чемпион деген атақты иеленіп жарқын маусым өткізгіміз келеді.

– Эльханды ойыншы ретінде қалай бағалайсыз?
– Эльхан – болашағынан зор үміт күттіретін әрі шыңдалған ойыншы. Ол біздің клуб сапында спортшы ретінде жаңа деңгейге көтеріліп, командамен үлкен жеңістерді бағындыратынына сенімдімін. Бізді алда ішкі чемпионаттағы үлкен жүктемелер күтіп тұр, сонымен қатар Чемпиондар лигасы тағы бар, Эльхан осы турнирлерде жеңіске жетуге көмектесетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер