русский язык
Футбол

SD Family мен «Амкал» Алматыда айтулы матч өткізді

SD Family мен «Амкал» Алматыда айтулы матч өткізді

12 наурызда Алматының Орталық стадионында медиа-футбол командалары – қазақстандық SD Family мен ресейлік «Амкал» жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Jusan Bank Алматы қаласы спорт басқармасымен бірлесіп, жанкүйерлерге қазақстандық және ресейлік медиалига жұлдыздары қатысқан керемет футбол шоуын сыйлады. Орталық стадионға 7 мыңнан аса көрермен келді! Жанкүйерлер жергілікті фавориттерді де, қонақтарды да жылы қарсы алды. Айта кету керек, бұл SD Family пен «Амкал» арасындағы алғашқы кездесу емес, былтыр шілде айында қарсыластар кездесіп, негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қазақстандық команда жеңіске жеткен.

Бұл жолғы жолдастық кездесуде «Амкал» алаң иелерін 6:2 есебімен жеңді.

Есепті 14-минутта SD Family негізін қалаушысы әрі капитаны Дидар Сыдықбек ашты. Қонақтар шабуылшы Владислав Коротаевтың арқасында есепті тез арада теңестірді. Ал ойын нүктесін SD Family ойыншысы Темирлан Блушинов қойды, ол 88-минутта пенальтиді сәтті орындады.

SD Family — «Амкал» — 2:6

Гол соққандар: Сыдықбек (13), Амбал (88, пенальти) — Карат (20, 45), Прокоп (45), Дуб (58), Катрич (75), Форзорезор (83, пенальти)

«Амкал» ауыр дертпен күресіп жатқан қорғаушы Никита Куриленконы (Финито) қолдап, алаңға арнайы жейдемен шықты.

Айта кетейік, біздің елде медиа-футбол қарқынды дамып жатыр. Jusan Bank ресми серіктес болған жергілікті SD Family клубының арқасында қазір әрбір екінші жанкүйер медиафутболды біледі. SD Family мен «Амкал» ойынына 7 мыңнан аса жанкүйер келгені соның жарқын дәлелі. Ал биыл қаңтар айында Астанада Ресей мен Қырғызстан командалары қатысқан Медиалига турнирі өтті.

МФЛ Қазақстанда жасөспірімдер футболының дамуында оң әсер етіп жатыр. Jusan Bank бұл бағытты белсенді түрде қолдайды. Бұған дейін SD Family банкпен бірлесіп, «Я СДШНИК» жобасын жасап, футболды ұнататын 14 пен 17 жас аралығындағы бозбалалардың Дидардың командасына кіруіне мүмкіндік жасаған.

«Я СДШНИК» жобасы – жас балалар мен мектеп жасындағы балалар үшін үлкен сыйлық. Ең бастысы, кез келген қаладан балаға біздің медиа-командаға қабылдануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда JUSAN-мен бірге біздің міндетіміз – жас балаларға көмектесу. Мысалы, біздің команданың мүшесі Тимош қазір TikTok жұлдызы, оны әр оқушы біледі. Осылайша, біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз, қазір балалар бос жүрмейді, спортпен шұғылданады », – деп атап өтті Дидар.

Сондай-ақ, SD Family және Jusan Bank биыл жыл басында елордада футзалдан «Своя лига» балалар турнирін өткізді, ол футболсүйер қауымының үлкен қызығушылығын тудырып, ересектер лигасынан кем түскен жоқ.

«Балалар спорты мен білімін дамыту бойынша бастамаларды қолдау керек, бұл өскелең ұрпаққа өзін және болашақ мамандығын табуға көмектеседі. Біз қазақстандық жастардың өзіне сеніп, өзін-өзі дамытуына көмектесетін осындай бастамаларға алдағы уақытта да қолдау көрсетеміз. Біз еліміздегі өскелең ұрпақтың жарық болашағына сенеміз», - дейді Jusan Bank PR-директор Гаухар Керімова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;