Футзал

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2023 іріктеу турниріне қатысады

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2023 іріктеу турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21-26 наурыз аралығында Молдованың Чореску қаласында өтетін футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сынға түседі.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде 1-топқа түскен болатын. Қарсыластары – Польша, Молдова және Словения. Топ жеңімпазы 4-11 қыркүйек аралығында Хорватияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан жасөспірімдерін алдағы іріктеу ойындарына ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака бастап барады. Жаттықтырушылар штабы 13-20 наурыз аралығында Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 17 ойыншы енді:

Қақпашылар: Рауан Сисенғалиев («Рахмет»), Денис Шолубай («Қайрат»), Эмиль Нигматзянов («Тұлпар»);

Алаңдағы ойыншылар: Батырхан Кенжеғали, Дамир Қайырбай (екеуі де - «Ақтөбе»), Артем Черненко, Абай Қабдешов, Иван Марахов (барлығы - «Аят»), Алмаз Максутов, Әлішер Нұрин (екеуі де - «Бәйтерек»), Жайық Құдайберген, Александр Дерябин, Мейіржан Кешубаев (барлығы - «Қайрат»), Руслан Үргенішбаев («Рахмет»), Олжас Калгужинов, Георгий Калачев, Тимур Мәлібеков (барлығы - «Тұлпар»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Аслан Смақов – бас бапкердің көмекшісі, Гордей Янов – қақпашылардың жаттықтырушысы;

 

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының ойын кестесі:

22.03.2022. Польша – Қазақстан – 22:00.

23.03.2022. Молдова – Қазақстан – 22:00.

25.03.2022. Қазақстан – Словения – 19:00.

*Астана уақыты көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0