ММА

10 мың доллар: OCTAGON 43 ивентінің анонсы жарияланды

10 мың доллар: OCTAGON 43 ивентінің анонсы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Еуразиялық жауынгерлер лигасы Алматыдағы OCTAGON 43 турнирінің анонсын жариялады.

Ивент 22 наурызда Алматыда өтеді. Турнирде екі титулдық жекпе-жек жоспарланған.

Турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы гран-при финалы өтеді. Онда қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) қырғызстандық Илимбек Акылбек уулумен (6-1) кездеседі. Жеңімпаз аса жеңіл салмақтың патшасы атанып, 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленеді.

Ко-мейн ивентте қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жекте аса жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Еске салайық, 4 наурызда Ташкентте OCTAGON 42 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде өзбекстандық Достон Бозоров (8-1) қазақстандық Жансерік Жақсығұловтан (4-3) басым түсіп, Еуразиялық промоушеннің жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер