«Астана» шабандозы «Париж – Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде 10-орын алды

Францияда «Париж — Ницца» веложарысының 5-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
5-кезеңнің жеңімпазы «Jumbo-Visma» командасының голландиялық велошабандозы Улав Коэй атанды.
«Астана» сапында үздік нәтижені Кес Бол көрсетті. Ол мәреге 10-болып жетті.
«Париж — Ницца». 5-кезең. Сен-Симфорьен-сюр-Куаз - Сен-Поль-Труа-Шато (212.4 км).
1. Улав Коэй (Jumbo-Visma) - 5:19:54
2. Мадс Педерсен (Trek - Segafredo) - + ,,
3. Тим Мерлир (Soudal - Quick Step) - + ,,
...10. Кес Бол («Астана») - + ,,
Жалпы есеп:
1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - 17:14:52
2. Давид Гауду (Groupama - FDJ) - +0:06
3. Йонас Вингегорд (Jumbo-Visma) - +0:46
..26. Давид де ла Крус («Астана») - +3:32
Фото: AstanaQazTeam