русский язык
ММА

Серік Сәпиевпен төбелесе жаздаған спортшы оқудан шығарылған жоқ - басқарма

news-banner7
mobile-news-top

Қазнетте спортшы Зелимхан Мусихановтың колледжден шығарылғаны, ал ата-анасының жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады. Бұған 26 ақпанда Batyrball ойынында әлем чемпионы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған жанжал себеп болған-мыс. Stopfake ресурсы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған хабар жалған.

«Зелимхан Мусихановтың колледжден шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта ол 4-курста оқиды, оқу практикасынан өтіп жатыр. Оқу барысында ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Қазақстан – құқықтық мемлекет, оқиға салдарынан туыстарын жұмыстан босатқаны туралы ақпарат та жалған. Естеріңізге сала кетейік, заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ басқа спортшыларды кәсіби қызметке баса назар аударуға және саладағы әріптестеріне қатысты жалған ақпарат таратуды тоқтатуға шақырамыз», – деп хабарлады ведомстводан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;