Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем рейтингіндегі орны белгілі болды

Futsalworldranking.com сайты 2023 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша футзалдан әлем рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы өз орнында қалды - 1570 ұпаймен алтыншы орында тұр.
Біздің құраманың алдында Бразилия, Испания, Португалия, Ресей мен Аргентина бар. Қазақстаннан кейінгі орындарда Иран, Марокко, Украина мен Парагвай тұр.
Рейтингтің үздік ондығы:
1. Бразилия — 1796 ұпай
2. Испания — 1771
3. Португалия — 1753
4. Ресей — 1671
5. Аргентина — 1650
6. Қазақстан — 1570
7. Иран — 1569
8. Марокко — 1496
9. Украина — 1457
10. Парагвай — 1445.