Наурыз мерекесі кезінде Алматыда ММА-ден турнир өтеді. Онда 10 мың доллар сарапқа салынады
![Наурыз мерекесі кезінде Алматыда ММА-ден турнир өтеді. Онда 10 мың доллар сарапқа салынады](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_21209f5e5a4f4e5796d72e19fdb4c79b.jpg?t=1678167307?v=28651852)
Еуразиялық жекпе-жек лигасы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында OCTAGON 43 турнирі өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz .
Ивент 22 наурызда Алматыда өтеді. Турнирде екі титулдық жекпе-жек жоспарланған.
Турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы гран-при финалы өтеді. Онда қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) қырғызстандық Илимбек Акылбек уулумен (6-1) кездеседі. Жеңімпаз аса жеңіл салмақтың патшасы атанып, 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленеді.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202303/207278_d9927068b14314402079f905eacfe778.jpg)
Ко-мейн ивентте қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жекте аса жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.
Еске салайық, 4 наурызда Ташкентте OCTAGON 42 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде өзбекстандық Достон Бозоров (8-1) қазақстандық Жансерік Жақсығұловтан (4-3) басым түсіп, Еуразиялық промоушеннің жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын.