Алматыда Қазақстанда киберспортты дамытуға арналған баспасөз жиыны өтті
Бүгін Астана уақытымен сағат 10:00-де Қазақстанда киберспортты дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Atameken Business Practicum ұйымдастырған шараға қазақстандық және шетелдік спикерлер Евгений Богатырев, Арман Пірманов, Дамир AXZCER Омаров және Сергей Минич қатысты.
— Евгений Богатырев - қазақстандық Pinger.Pro платформасының негізін қалаушы әрі Qazaq Cybersport Federation вице-президенті. Тақырыбы: «Қазақстандағы киберспорттық экожүйе».
— Арман Пірманов - киберспортшы, стример, автоблогер. Тақырыбы: «Киберспорттағы стриминг. Бұл спорттың табысы, болашағы және қиындығы».
— Дамир AXZCER Омаров - Titan Gaming киберспорт командасының капитаны. Тақырыбы: «PUBG in KZ».
— Сергей Минич - Parimatch киберспорт бағытындағы менеджері. Минич «киберспортқа бәс тігу» туралы сөз сөйледі.