русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалды.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 40-тан 42-ге сырғыды.

ТОП-3 өзгеріссіз қалды: Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші, америкалық Джессика Пегула үшінші сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина 26-дан 25-ке, Елена Рыбакина 97-ден 96-ға көтерілді.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Александр Бублик 46-орнында қалса, Тимофей Скатов 134-тен 140-қа төмендеді.

Сербиялық Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, грекиялық Стефанос Циципас бұрынғыша үздік үштікте келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 51-ден 58-ге, Александр Недовесов 68-ден 69-ға, А.Бублик 181-ден 185-ке сырғыды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;