русский язык
Теннис

Астанадағы турнирдің бас жүлдесін ресейлік теннисші Полина Кудерметова иеленді

Астанадағы турнирдің бас жүлдесін ресейлік теннисші Полина Кудерметова иеленді

Астанада ұлттық теннис орталығында өткен ITF World Tennis Tour сериясының "BeeTV 40 Women's" турнирі өз мәресіне жетті.

19 жастағы Полина Кудерметова Қазақстан астанасында өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Финалда ресейлік отандасы Дарья Астахованы 6:2, 6:3 есебімен оңай және жылдам жеңіп кетті. Полина өзінің алғашқы атағын ITF W40 сериясындағы турнирлерде иеленген, ал тұтастай алғанда, Астанадағысы 2023 жылда тіркелген бірінші жеңісі болып табылады.

Полина - әлемнің 11-ші ракеткасы Вероника Кудерметованың туған сіңлісі.

Түпнұсқасы: zakon.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;