русский язык

ҚПЛ клубы өз үйіндегі матчтарын басқа қалада қабылдайды

ҚПЛ клубы өз үйіндегі матчтарын басқа қалада қабылдайды

Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионындағы жасанды көгалдардың ауыстырылуына байланысты, «Каспий» футбол клубы өзінің кейбір ойындарын Алматы қаласында ойнайтын болады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Каспий» футбол клубы футболдан ҚР Премьер-Лигасының алғашқы күнтізбелік үй матчтарын, Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өткізеді. Мұндай шешім Ақтаудағы "Жас Қанат» стадионындағы жасанды көгалдарды ауыстыруға байланысты қабылданды.

«Каспий» өзінің алаңында өткізетін «Тобыл» (10 наурыз), және «Қайсар» (1 сәуір) командаларымен Алматыда өткізетіні белгілі болды.

15 сәуірге жоспарланған Көкшетаулық «Оқжетпеспен" ойынымыз Ақтаудағы жаңартылған «Жас Қанат» стадионында өтеді деп жоспарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;