Виктор Осимхен АПЛ клубына ауысу туралы пікір білдірді

Виктор Осимхен АПЛ клубына ауысу туралы пікір білдірді

Италиялық «Наполидің» нигериялық шабуылшысы Виктор Осимхен АПЛ клубтарының оған деген қызығушылықтары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АПЛ? Менің ойымша, әрбір ойыншы онда ойнауды қалайды. Ертең не болатыны белгісіз. Бұл туралы ойлаған да жоқпын. Менің ойым қазір тек Неаполь мен «Наполиде»», —  деп келтіреді Осимхеннің сөзін Corriere della Sera.

24 жастағы нигериялық шабуылшы осы маусымда «Наполи» сапында 25 ойынға қатысып, 21 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или