Аңызға айналған футболшының ұлы «Барселонамен» келісімшарт жасасты

Аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньоның ұлы Жоау Мендеш енді «Барселонаның» жастар командасында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 жастағы футболшымен келісімнің мән-жайы хабарланбады. Мендеш шабуылшы позициясында ойнайды.
Роналдиньо карьерасын 2018 жылы қаңтарда аяқтаған болатын.
Фото: twitter.com/VOLEapp