Шавкат Рахмонов — Джефф Нил жекпе-жегі басталатын уақыт белгілі болды

Қазақстан уақытымен 5 наурыз, жексенбі күні таңертең Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Жерлесіміз өнер көрсететін UFC 285 турнирі Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Рахмонов америкалық файтер Джефф Нилмен (15-4) кездеседі. Бұл жекпе-жек негізгі кард аясында өтеді, кездесу мөлшермен Астана уақыты 09:40-та басталады.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді (27-10) екінші раундта жеңді. Ал Джефф Нил бразилиялық Висенте Лукені (21-9-1) үшінші раундта нокаутқа түсірді.