Теннис

Бублик Дубайдағы турнирде болгар теннисшісін жеңді

Бублик Дубайдағы турнирде болгар теннисшісін жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің бірінші айналымындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы болгар теннисшісі Александр Лазаров болды, ол екінші сетте кездесуді жалғастырудан бас тартты. Ойын 6:1, 1:0 есебімен қазақстандықдың пайдасына шешілді.

Бар болғаны 25 минутқа созылған кездесуде Бублик үш эйс жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0