Paradox Interactive жаңа ойындарының тұсаукесері қашан өтетінін айтты

Paradox Interactive жаңа ойындарының тұсаукесері қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, цифрлы шара 2023 жылы 6 наурызда Астана уақытымен сағат 23:00-де өтеді.
Іс-шара аясында Cities: Skylines және Battletech авторларының жаңа жобалары көрсетіледі. Paradox сонымен қатар The Sims-тің өзіндік аналогын жариялауға ниетті.