«Тұран» жолдастық кездесуде ресейлік командадан жеңілді

«Тұран» футбол клубы «Новосибирсктен» 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
20-минутта Никита Загороднев гол соқса, 29-минутта Антон Пенчелюзов есепті еселеді.
Айта кетейік, ойын Анталиядағы жаңа маусым алдындағы дайындық аясында өтті. Бүгін Астана уақытымен 20:00-де команда «Истиклолмен» жолдастық матч өткізеді.