«Каспий» 17 гол соғылған кездесуде «Аятты» ұтты

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 31-ші турындағы матчта Ақтаулық «Каспий» мен Рудныйдың «Аят» командалары он жеті гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймнан кейін 3:6 есебімен жеңілген ақтаулықтар ойынның екінші бөлігінде басымдықты қолға алып, 9:8 есебімен жеңісті жұлып алды.