«Астана» шабандозы Марк Кавендиш «БАӘ турының» төртінші кезеңінде 18-орын алды

Біріккен Араб Әмірліктері жолдарында өтіп жатқан «БАӘ туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде UAE Team Emirates командасының шабандозы Хуан Себастьян Молано үздік атанды. Мәреге екінші болып Jumbo-Visma велошабандозы Олав Кой келді. Үздік үштікті Team DSM шабандозы Сэм Уэлсфорд түйіндеді.
«Астана» велошабандозы Марк Кавендиш 18-орын алды.
БАӘ туры. Төртінші кезең. Аль-Шиндага – Дубай. 174 км
1. Хуан Себастьян Молано (UAE Team Emirates) - 3:50:01
2. Олав Кой (Jumbo–Visma) +,,
3. Сэм Уэлсфорд (Team DSM) +,,
...18. Марк Кавендиш («Астана») +,,
Жалпы есеп:
1. Ремко Эвенепул (Soudal–Quick-Step) - 12:17:23
2. Лукас Плапп (INEOS Grenadiers) +0:07
3. Пельо Бильбао (Bahrain Victorious) +0:11
Фото: SprintCycling