«Қайрат» АФК – «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы

23 ақпанда футзалдан Қазақстан чемпионатының 31-туры аясында алматылық «Қайрат» АФК мен «Ақтөбе» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойынды 31-32 турдың орталық матчы деп атауға болады, өйткені алматылықтар ел біріншілігінде жеке дара көш бастап келеді, ал ақтөбелік команда үшінші орында тұр. Олар «Рахметті» алға жіберіп алмау үшін алдағы ойындарда кем дегенде бір ұпай алуға тырысады.
«Қайрат» АФК – «Ақтөбе» арасындағы алғашқы матчтың тікелей трансляциясы Алматы уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ойынды «Қайрат» АФК-ның Youtube-арнасынан көруге болады.