Путинцева Дубайда өткен турнирдің екінші айналымында жеңілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Юлия әлемнің 15-ракеткасы саналатын чех спортшысы Петра Квитовамен кездесіп, 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Матч бір сағат 30 минутқа созылды.