Чемпиондар лигасының Төрттік финалы қайда өтетіні анықталды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2022/2023 жылғы маусымдағы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА-ның сайтына сілтеме жасап.
Турнир 5-7 мамыр аралығында өтеді, Еуропаның ең үздік клубы атағын испаниялық «Пальма Футзал», португалиялық «Спортинг» пен «Бенфика» және бельгиялық «Андерлехт» сарапқа салады. Жеребе уақыты кейінірек белгілі болады.
Матчтар өтетін «Пальма Арена» 2006 жылы тректі велоспорттан әлем чемпионатының алдында ашылған, 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Пальма футзал» клубының алаңы болды. Аренада теннистен түрлі турнирлер өткен.
Пальма-де-Мальорка – 2007 жылы форматы өзгергеннен бері футзалдан Чемпиондар лигасының финалын өткізгелі отырған Испанияның алтыншы қаласы. Бұған дейін бұл жарыс Мурсия (2007), Лерида (2012), Гвадалахара (2016), Сарагоса (2018) және Барселонада (2020) өткен.
Айта кетейік, «Төрттік финалға» қатысқалы отырған төрт команданың үшеуі биылғы маусымда «Қайрат» АФК-мен кездесті. «Пальма Футзал» мен «Андерлехт» негізгі кезеңде, ал «Бенфика» элиталық кезеңде алматылық командаға қарсылас атанған.