Тайнан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі матчына Қазақстан құрамасына шақырту алды

Испаниялық «Эль-Посо» универсалы Тайнан Да Силва 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Словения құрамасына қарсы матчқа дайындалу үшін Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі мурсиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық футзалшылар 8 наурыз күні сырт алаңда словениялықтармен кездеседі. Бұл кездесуде еуропалық іріктеудің негізгі кезеңіндегі 5-топта кім бірінші орын алатыны анықталады.
Испанияның ағымдағы чемпионатында Тайнан мурсиялық «Эль Посо» сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соққан болатын.
Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial