Футзал

«Своя лига»: SD Family-дің Jusan қолдауымен өткен футзал турнирі аяқталды

«Своя лига»: SD Family-дің Jusan қолдауымен өткен футзал турнирі аяқталды

Астанада балалар футболынан SD Family және Jusan Bank бірлесіп ұйымдастырған «Своя лига» ауқымды турнир аяқталды. Спорттық шара қалай өткені Prosports.kz тілшісінің материалында.

Турнирге төрт жас тобы бойынша жасөспірімдер командалары қатысты: 2007-2008 ж.т.; 2009-2010; 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған балалар.

Турнир 14 қаңтарда басталды.

«Своя лига» жетекшісі Богдан Грушевский іс-шара жоғары деңгейде өткенін, турнир ересектер лигасындағы әуесқой лигадан кем болмағанын айтты.

Ойыншыларға инвентарь мен жейдені Jusan ұсынды.

«Бұл турнирге 30 команда қатысты. Оның мақсаты – футболды танымал ету. Балаларды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға баулимыз. Бүгін бәрі жоспарлағандай өтті. Барлық бала бақытты. Ойыншыларды ынталандыру үшін жеке номинациялар жасадық. Алдағы уақытта үлкен футболдан турнир өткізгіміз келеді, республикалық болатын шығар. Биыл тағы бір турнирді міндетті түрде өткіземіз», - деді Богдан Грушевский.

Никита есімді жас футболшы «Целиноград» командасы сапында жеңімпаз атанды.

«Турнир қызу өтті, ойын көп болды. Әрқайсы оңай болған жоқ. Біз матчтарға дейін үлкен дайындық жасадық, жаттықтырушымен бірге жұмыс істедік. Жақсы ұйымдастырылды және мұнда атмосфера жағымды. Бүгін бізді қолдауға көптеген жанкүйер келді. Осы мүмкіндік үшін SD Family және Jusan-ға рақмет. Бұл турнирге тағы да қатысуды жоспарлап отырмын».

«Целиноград» командасының ойыншысы Ілияс Кішкенбаев та ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді:

«Турнирге бірінші рет қатысып отырмын, маған бәрі ұнады. Чемпион болғанымызға қуаныштымын. Біз қарқынды жаттығу жасадық - аптасына үш рет. Бапкеріміз Александр Андреевич жарысты бастамас бұрын бізге тек жеңіс үшін келгенімізді айтты. Қызық турнир үшін рақмет!».

Jusan өкілдері банк үшін балалар спортына қолдау көрсету балаларға өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу мүмкіндігі екенін атап өтті:

«Балалар спорты мен білімін дамыту бойынша бастамаларды қолдау маңызды, бұл - өскелең ұрпаққа өзін және болашақ мамандығын табуға көмектесудің тамаша мүмкіндігі. Біз қазақстандық жастардың өзіне сеніп, өзін-өзі жүзеге асыруына көмектесетін осындай бастамаларды алдағы уақытта да қолдаймыз, еліміздің өскелең ұрпағының шексіз әлеуетіне сенеміз», - дейді Jusan bank PR директоры Гаухар Керімова.

Турнир қорытындысы:

2007-2008

1-орын – «Целиноград»

2-орын – «Сантос»

3-орын – «SD Family»

 

Үздік ойыншы - Амангелдi Нұралі («Целиноград»)

Үздік шабуылшы - Бауыржан Жандос («SD Family»)

Үздік қорғаушы - Сейдуалы Ердәулет («Сантос»)

Үздік қақпашы - Жұмағұлов Рамазан («Целиноград»)

 

2009-2010

1-орын – «Целиноград»

2-орын – «Достык»

3-орын – «SD Family»

 

Үздік ойыншы - Максим Калашников Максим («Целиноград»)

Үздік қорғаушы - Жалғас Жанұзақ («Достық»)

Үздік шабуылшы - Әділбеков Абиш («SD Family»)

Үздік қақпашы - Вадим Саняк («Целиноград»)

 

 

2011-2012

1-орын – «Эверест»

2-орын – «Royal»

3-орын – СДЮСШОР

 

Үздік қақпашы - Сәкенулы Санжар (Оқушылар сарайы)

Үздік ойыншы - Лесбек Нұрмұхаммед («Эверест»)

Үздік шабуылшы - Сайлау Нұрбақыт («Royal»)

Үздік қорғаушы - Балехан Арнұр (СДЮСШОР)

 

2013-2014

1-орын – «Эверест»

2-орын – Footninja

3-орын – «Достар»

 

Үздік қақпашы - Құрманғалиев Арлан («Достар»)

Үздік ойыншы - Самат Әлім («Эверест»)

Үздік шабуылшы - Брюховецкий Артур (Footninja)

Үздік қорғаугы - Құрметжан Әлібек («Эверест»)

Фото: турнир ұйымдастырушылары

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0