Футзалдан Қазақстан чемпионаты: 26-тур қорытындысы бойынша турнирлік кесте жарияланды
Қазақстанның футзал қауымдастығы 26 турдың қорытындысы бойынша ел чемпионатының турнир кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық «Қайрат» АФК 25 және 26-турларда рудныйлық «Аятты» екі рет ірі есеппен жеңіп, көшбасшылығын нығайтты. «Қайратта» қазір 70 ұпай, рудныйлықтарда 56 ұпай бар. Үшінші және төртінші орында «Ақтөбе» мен «Рахмет» (тиісінше 42 және 39 ұпай) келеді.
«Каспий» ұпай саны бойынша «Ордабасыны» қуып жетті және қосымша көрсеткіштер бойынша шымкенттік клубтан озып, плей-офф аймағына оралды. «Астана» өз алаңында «Рахметке» қарсы екі кездесуде бір ұпай жинап, үздік сегіздіктің қатарынан шығып қалды.
Фото afckairat.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или