Теннис

Елена Рыбакина WTA 500 жарысында өнер көрсетеді

Елена Рыбакина WTA 500 жарысында өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өтетін беделді WTA 500 жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы жүлде қоры 780 637 доллар болатын Mubadala Abu Dhabi Open-2023 ауыр турнирі 6-12 ақпан аралығында өтеді. Елена Рыбакина рейтингте күрт жоғарылауының арқасында бұл турнирде үшінші болып өнер көрсетеді. Оның алдында тек Дарья Касаткина (Ресей) мен Белинда Бенчич (Швейцария) шығады.

Абу-Дабиде өнер көрсетер алдында Елена Рыбакина 2023 жылғы Australian Open турнирінде жекелей сында финалға шығып, беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер