ВТБ: «Астана» – «Енисей» матчының тікелей трансляциясы

28 қаңтарда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында «Енисей» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тұрақты маусымның бірінші бөлігінің қорытындысы бойынша «Астана» В тобына түсті, бұл топтағы командалар плей-офф кезеңінің екі жолдамасына таласады.
Қос қарсылас биылғы маусымда қараша айында екі кездесу өткізді. «Астана» өз алаңында 57:88 есебімен жеңіліп қалды. Красноярскіде өткен ойында «Енисей» 89:76 есебімен жеңіске жетті.
«Астана» – «Енисей» матчының тікелей трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 15:50-де басталады. Ойынды СІЛТЕМЕ 1 (Qazsport арнасы) және СІЛТЕМЕ 2 (ВТБ Біріккен лигасының сайты) арқылы көруге болады.