Теннис

Рыбакина — топ-8 қатарында! Australian Open ширек финалистері анықталды

Рыбакина — топ-8 қатарында! Australian Open ширек финалистері анықталды

Мельбурн қаласында өтіп жатқан теннистен Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) ширек финалына шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакина (Қазақстан) Елена Остапенкомен (Латвия), Джессика Пегула (АҚШ) Виктория Азаренкамен (Беларусь), Каролина Плискова (Чехия) Магда Линеттпен (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) Донна Векичпен (Хорватия) ойнайды.

Australian Open маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі 29 қаңтарда аяқталады. Турнирдің қазіргі жеңімпазы - австралиялық Эшли Барти, ол 2022 жылдың наурызында карьерасын аяқтағанын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0