«Металлург» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Магнитогорскіде ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Металлург» елордалық «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» 55 матч өткізіп, 52 ұпай жинады. Шығыс конференциясының кестесінде тоғызыншы орында тұр, оныншы орындағы «Амур» мен 11-сатыдағы «Трактор» да 52 ұпайдан жинаған. Олардың матч саны да аз.
Магнитогорск командасы 53 матчта 66 ұпай жинады. Шығыс конференциясында үшінші орында, бірақ ізін қуып келе жатқан «Авангард» пен «Ақ Барспен» бірдей ұпай еншіледі.
«Металлург» — «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport, Матч ТВ, KHL және KHL Prime телеарналары көрсетеді. Кездесуді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или