Қазақстан құрамасының ойыншысы шетелдік клубтың жаттығуына оралды

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» қорғаушысы Марат Быстров ота жасатып, клубының жалпы тобына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
30 жастағы футболшы Instagram-да Түркиядағы жиыннан сурет жариялады.
«Жалпы топқа оралғаныма қуаныштымын», — деп жазды Быстров.
Еске салайық, қорғаушы «Ахмат» сапында 2020 жылдан бері ойнап жүр. Ол Қазақстанда «Тобыл» мен «Ордабасыда» өнер көрсетті.
Быстров операцияны Сербияда өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или