Бокс

«Бокстың не екенін түсінбейтіндер – үндемесін»: Садриддин Ахмедов сын айтқандарға жауап берді

«Бокстың не екенін түсінбейтіндер – үндемесін»: Садриддин Ахмедов сын айтқандарға жауап берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі парақшасында сынға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдыңғы жекпе-жекте өткен желтоқсанда Алматыда Садриддин Оңтүстік Африка Республикасының 40 жастағы боксшысы Млонго Нкулулеконы бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Көптеген бокс жанкүйерлері қарсылас таңдауына наразы болды.

«Бокстың не екенін және бокс схемасын білмейтіндер үндемесін. Бұл барлығына қатысты. Иншалла, біз өзіміздің қандай деңгейде екенімізді дәлелдейміз!», - деп жауап берді Садриддин.

Еске салайық, кәсіпқой рингте Садриддин Ахмедов әлі жеңілмеген. Оның қоржынында 13 жеңіс болса, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0