Футзал

Қазақстан чемпионаты: 20 турдан кейінгі турнирлік кесте жарияланды

Қазақстан чемпионаты: 20 турдан кейінгі турнирлік кесте жарияланды

Қазақстанның футзал қауымдастығы 20 турдың қорытындысы бойынша ел чемпионатының турнирлік кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» АФК көш бастап тұр. Қазақстанның қазіргі чемпионы 18 матчтың барлығында жеңіске жетіп, 51 ұпай жинады. Екінші орынға 46 ұпай жинаған рудныйлық «Аят» жайғасқан. Одан кейін «Рахмет» (18 ойын, 32 ұпай), «Ақтөбе» (18 ойын, 28 ұпай), «Атырау» (20 ойын, 28 ұпай) және «Бәйтерек» (20 ойын, 24 ұпай) клубтары тұр.

Сондай-ақ «Ордабасы» (20 ойын, 20 ұпай), «Астана» (20 ойын, 19 ұпай) және «Каспий» (18 ойын, 17 ұпай) плей-офф кезеңінің жолдамасына таласып жатыр. 20 кездесуде бар болғаны 8 ұпай жинаған талдықорғандық «Жетісу» көш соңында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0