Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды

Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында Құрлықтық хоккей лигасының матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық «Барыс» нижнекамскілік «Нефтехимик» командасын қабылдады. Кездесу 5:3 (0:1, 2:2, 3:0) есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Кездесу басынан астаналық команда тізгінді өз қолына алды. Бесінші минутта Линден Вей елордалықтарды алға шығарса, 29-минутта Егор Попов есепті теңестірді. Кейін Антон Сагадеев пен Энтони Луи «Нефтехимикті» алға шығарды – 3:1. 39-минутта Андрей Белозёров бір гол соқты. 42-минутта Андрей Чивилев таразы басын теңестірді. 54-минутта Михаил Сидоров қонақтарды алға шығарды.

Келесі ойында «Барыс» өз айдынында «Сибирь» командасын қабылдайды. Матч 16 қаңтарда өтеді.

Фото hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0