Қазақстан «Kazan Hockey Cup» халықаралық турнирде өнер көрсетеді

14-17 қаңтар аралығында Татарстан астанасында ислам елдері мен Татарстан Республикасының командалары арасында «Kazan Hockey Cup» әуесқойлар турнирі өтеді. Турнирге 12 команда қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан намысын халықаралық турнирде В тобында өнер көрсететін «Өскемен» командасы қорғайды. Қарсыластары Түркіменстан, Қырғызстан және Татарстан командалары болады.
Команда құрамында бұрынғы кәсіпқой хоккейшілер, сондай-ақ Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары енді:
Қақпашылар: Сергей Вербицкий, Владислав Нурек

Қорғаушылар: Евгений Мазунин, Темирлан Курсакбаев, Ернур Хасенов, Евгений Фадеев, Сергей Мирошниченко

Шабуылшылар: Ерлан Можанов, Талғат Жайлауов, Омар Жақсылык, Серик Шидеринов, Алексей Самусенко, Жан Сембіғазыев, Вадим Рифель, Алмас Тілеубаев, Александр Вологодский, Максим Худяков, Андрей Огородников

Бас бапкер – Андрей Райский
Бапкер– Ерлан Елтаев
В тобындағы матчтардың кестесі:
14 қаңтар, 23:00 – Қырғызстан – Қазақстан
15 қаңтар, 21:30 – Татарстан – Қазақстан
16 қаңтар, 18:00 – Қазақстан- Түркіменстан