Хоккей

Қысқы Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореядан басым түсті

Қысқы Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореядан басым түсті

2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 14-минутында Әли Қасенов мергендік танытты.

Екінші кезең басталғаннан кейін корейлік хоккейшілер таразы басын теңестірсе, 24, 26-минуттарда Кирилл Полохов Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Ал 38-минутта қазақстандық Максим Мухаметов қақпаны дәл көздеді.

Осылайша қазақстандық хоккейшілері қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Аталған топта алғашқы турда АҚШ құрамасы Ұлыбритания 18:0 есебімен тізе бүктірсе, Словакия хоккейшілері Венгриядан 4:0 есебімен басым түсті.

Енді еліміздің студенттер құрамасы 13 қаңтарда Венгриямен шеберлік байқасады. Одан кейін 16 қаңтарда Ұлыбритания, 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.

А тобында Жапония Латвиядан 8:3, Чехия Швецияны 7:2, Канада Украинаны 6:1 есебімен жеңді.

Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 12 және 22 қаңтар аралығында болады.

Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанды.

Түпнұсқасы: Inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0