«Астанаға» үш ойыншы ауысып келді

«Астана» футзал клубы Қазақстан чемпионаты қайта басталар алдында құрамын үш ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Руслан Булатов астаналық клубқа <span>«Ақтөбеден» ауысып келді.</span>
<span>Ағеділ Мадияров ресейлік «Сибирьден» кеткеннен кейін мансабын «Астанада» жалғастырады. Бұған дейін ол тағы бір ресейлік клубы ЛКС сапында өнер көрсеткен.</span>
Вадим Булдин маусымның соңына дейін «Аяттан» жалға алынды.
<span>Айта кетейік, ел біріншілігінің 19 және 20 турында 13 және 14 қаңтарда астаналықтар сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» кездеседі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или