Шавкат Рахмоновтың нокауты UFC-де үздіктер қатарынан орын алды

Шавкат Рахмоновтың нокауты UFC-де үздіктер қатарынан орын алды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың орындауындағы нокаут UFC-де 2022 жылғы үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джого Бонито твиттерде 2022 жылғы UFC-дегі ең үздік нокауттардың тізімін жасады. Онда Шавкат Рахмонов пен Гайандық Карлстон Харрис арасындағы жекпе-жек 11-ші орында болды.

Еске салайық, жекпе-жек 2022 жылдың ақпан айында өтіп, бірінші раундта Рахмонов қарсыласын жеңген еді.

Маусым айында Рахмонов UFC Vegas 57 аясында Лас-Вегаста америкалық Нил Магниді ауырты әдісімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или