Бокс

Қазақстандық боксшы алғаш рет IBF рейтингісіне енді

Қазақстандық боксшы алғаш рет IBF рейтингісіне енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Назарларыңызға рейтингіде Қазақстан боксшыларының орындарын ұсынамыз:

Бірінші ауыр дивизионда Серік Мұсаділов 15-орыннан көрінді. Үздік «үштікте» поляк Матеуш Мастернак, британдық боксшы Ричард Риакпоре және оның отандасы Крис Биллам-Смит бар. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы – австралиялық Джей Опетайя.

Екінші орта салмақта ӘлиАхмедов алтыншы тұр. Рейтингідегі бірінші орынды британдық Уильям Скулл иеленді, ресейлік Владимир Шишкин екінші орынға көтерілсе, америкалық Калеб Плант үшінші орынға жайғасқан. Чемпиондық титул мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

Геннадий Головкин чемпион атанған орта салмақта МейірімНұрсұлтанов жетінші орында. Тізімді бразилиялық Эскива Фалькао бастап тұр, екінші орында – австралиялық Майкл Зерафа, ал италиялық Винченцо Гуальтьери үшінші тұр.

Екінші жеңіл салмақта СұлтанЗәуірбек бұрынғыдай 14-ші орында. Бұл салмақта әлем чемпионы тәжікстандық Шавкат Рахимов болса, үшінші нөмір бойынша ең жоғары үміткер британдық Джозеф Кордина.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0